Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда 10 тамызда аптап ыстық пен найзағай қатар болады

«Қазгидромет» 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтілсе, кей өңірлерде ауа температурасы +44°C-қа дейін көтеріледі.

«Қазгидромет» 2026 жылғы 10 тамызға Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, дейді Qandastar.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нөсер күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар республика аумағында жел күшейіп, солтүстік өңірлерде күндіз шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік және солтүстік-шығыс облыстарда түнде және таңертең тұман түседі.

Елдің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады. Атырау облысында, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде, Ұлытау облысында және Қостанай облысының оңтүстігінде ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтерілмек. Маңғыстау облысында +43…+44°C ыстық болжанады.

Алматы облысы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды облыстарында және Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында күндіз +35…+38°C болады. Жамбыл облысында ауа температурасы +38…+40°C, ал Түркістан және Қызылорда облыстарында +40…+43°C-қа дейін жетеді.

Сондай-ақ синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталатынын ескертті. Әсіресе оңтүстік, батыс және орталық облыстарда өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button