Қаржы және төлемдер

Қазақстанда 16 млн теңге айлық алатын мамандар бар – Head Hunter сарапшылары

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жалақысы миллион теңгеден басталатын жұмыс орындары бар. Head Hunter сарапшылары нарық ұсыныстарын талдап, сайтта орналастырылған «ең қымбат» 5 саланы атады, деп хабарлайды qandastar.kz Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап.

Құрылыс және жылжымайтын мүлік, пайдалану, жобалау компаниялары жариялаған вакансиялар барлық бос орынның 18,21% құрайды. Осы салада жұмыс берушілер миллион теңгеден жоғары жалақы төлеуге дайын.

«Құрылысшылардан кейін ақпараттық технологиялар, жүйелік интеграция және интернет саласындағы компаниялар (9,48%), бизнеске қызмет көрсететін фирмалар (8,17%) байқалады. Бөлшек сауда және тұтыну тауарларымен айналысатын компаниялар жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының жалпы көлемінде сәйкесінше 8,13% және 7,89% құрайды», – делінген Head Hunter хабарламасында.

Сондай-ақ, сату саласында миллион теңгеден айлық ұсынылады. Бос жұмыс орындарының 27,27%-ы сату менеджерлері және клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер орны.

Head Hunter мамандары 2024 жылғы «ең қымбат» 5 жұмыс орнын атады:

  1. AMAZON шот-менеджері – Астанада 100 000-нан 10 000 000 теңгеге дейін айлық;
  2. Мұнай өнімдерін сату жөніндегі маман – Павлодарда 103 500-ден 10 000 000 теңгеге дейін;
  3. FMCG ірі компаниясының операциялық маркетинг жөніндегі директоры – Алматыда 15 000 доллардан 35 000 долларға дейін (бүгінгі бағам бойынша 7,1 млн теңгеден 16,7 млн теңгеге дейін);
  4. Стоматолог-дәрігер – Астанада салық шегерілгенге дейін 5 000 000 теңгеге дейін;
  5. Коммерциялық директор – Астанада 15 000 доллардан бастап айлық ала алады.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close