Жаңалықтар
Қазақстанда 285 сейсмикалық станция орнатылады: кешенді жоспар қабылданды
Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойған.
«Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша ауқымды шараларды іске асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті айтарлықтай күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру және т. б. бар», – делінген хабарламада.