Жаңалықтар
Қазақстанда 3 миллионнан астам баланы қосымша біліммен қамту жоспарлануда
«Бүгінде оқушылардың 81,1%-ы қосымша біліммен қамтылған. Біз қосымша білім алу кезінде барлық балаларға тең мүмкіндіктер беруге тырысамыз. Биыл қамтуды 86,3%-ға дейін арттыру жоспарлануда», – деп атап өтті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.
Балаларды қосымша біліммен неғұрлым көбірек қамту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарында 6 Оқушылар сарайын ашу жоспарлануда.