Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 26 қаңтар 2026 жылы цифрлық жобаларды таныстыру барысында букмекерлік кеңселердің қызметінен түскен салық кірістері туралы статистиканы жариялады. Бұл туралы хабарлайды Qandastar.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты букмекерлік кеңселерден түскен төлемдер азайған.
«Жалпы, бір жылға жуық кезеңде ставкалар сомасы 1,6 трлн теңгені құрады. Жеңістер – 1,2 трлн теңге болды. Яғни, қайтарым 75%-ды құрап, 25%-ы ұйымдардың қолында қалады. Демек, шамамен 700 мың адам тұрақты түрде ставкалар жасайды», – деді Біржанов.
Оның сөзінше, бұл көрсеткіш ересек халықтың шамамен 15–20%-ын құрайды.
2025 жылғы шілде айында хабарланғандай, мемлекеттік органдар қазақстандықтардың барлық онлайн-ставкаларының тарихын көре алатын болады.



