Жаңалықтар

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан аяқталады?

Фото: Ru.freepik.com

Қазақстанда салынғалы жатқан АЭС құрылысы 12 жылға созылуы мүмкін, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, АЭС құрылысы шамамен 2035–2036 жылдары аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом электр станциясын жобалау, салу және пайдалануға беру үдерісі орта есеппен 10–12 жылға созылады. Осыған сәйкес, құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі – 2035–2036 жылдар. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бұл жоспарларға сәйкестігін растап отыр», – делінген хабарламада.

Агенттік жобаның нақты құнын айтуға әлі ерте деп отыр.

“Кез келген атом электр станциясын салу кезінде оның түпкілікті құнына бірқатар факторлар әсер етеді. Атап айтқанда:

  1. Инженерлік-іздестіру жұмыстарының нәтижелері, яғни құрылыс жүргізілетін аумақтағы метеорологиялық және сейсмологиялық жағдайлардың құрылыс барысына ықпалы;
  2. Реакторлық технология жеткізушісінің құрамына кірмейтін халықаралық өндірушілердің жабдықтарын қолдану;
  3. АЭС салынатын аумақта жабдықтар мен құрылыс материалдарын өндіру деңгейі, яғни өндірістегі жергілікті үлес;
  4. Құрылыс-монтаж ұйымдары мен білікті мамандардың қатысуы, яғни құрылыс үшін жеткілікті адами ресурстардың бар-жоғы немесе үшінші тараптарды тарту қажеттілігі;
  5. Логистикалық, қаржылық және өзге де шығындар”, – деді агенттіктегілер.

Бұған дейін «Росатом» басшысы Алексей Лихачев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы әлемдегі ең заманауи АЭС-тердің бірі болатынын айтқан еді.

Айта кетейік, бұған дейін  Атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстанда бірінші Атом электр станциясын “Росатом” салатынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ Қазақстанда екінші АЭС-ті қытайлық компаниясалатыны анықталған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close