Мемлекеттік және басшылық қызметтегі әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда айтарлықтай төмен болып тұр. Жалпы ел бойынша әйелдер ерлерден орташа есеппен 35,4% аз табыс табады. Бұл жалақы айырмашылығы әсіресе батыс өңірлерде айқын көрінеді, деп жазды qandastar.kz
Мысалы, Атырау облысында мемлекеттік қызметтегі ерлер әйелдерге қарағанда 83,4% көп алады, Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 81%-ке жетеді. Сонымен қатар, Ақмола, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында да айтарлықтай айырмашылықтар бар, тиісінше 54,4%, 53,0% және 52,7%.
Ал Жетісу және Түркістан облыстарында әйелдер мен ерлердің жалақысы салыстырмалы түрде тең, айырмашылық тек 6,4% және 11,2% ғана.
Аймақтар арасында да үлкен алшақтық байқалады: Атыраудағы ерлердің орташа жалақысы 1,4 миллион теңге болса, Алматыда – 1,2 миллион теңге. Сол уақытта Солтүстік Қазақстан мен Жетісу облыстарында мемлекеттік қызметтегі басшылардың орташа айлығы тиісінше 292 және 300 мың теңге ғана.
Осылайша, жалақыдағы теңсіздік өңірлер мен жыныс бойынша айтарлықтай ерекшеленеді және бұл мәселені шешу үшін қосымша шаралар қажет екені анық…



