Әлеумет және қоғам

Қазақстанда әкелер күні аталып өтіліп жатыр

Фото: pixabay

Қазақстанда әкелер күні ресми түрде маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі, деп жазды qandastar.kz

Бұл күн 2023 жылдан бастап «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға енгізіліп, ресми мереке ретінде белгіленді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

«Әке – отбасының арқа сүйер тірегі, бала үшін өмірлік бағыт беретін тұлға. Осы ерекше күні барша әкелерімізге қамқорлығы мен қолдауы, махаббаты мен мейірімі үшін шын жүректен алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, қуаныш әкелсін. Жанұяларыңызда шаттық пен махаббат, береке мен бірлік орнасын! Баларыңыздың қызық-қуанышына кенеліп, мерейлеріңіз арта берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын!», — делінген құттықтауда.

Zakon.kz хабарлағандай, 2023 жылғы маусым айында Қазақстандағы мерекелік күндер тізімі жаңа мерекелермен толықты – Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Әкелер күні – маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close