Фото: Нұрболат Нұржаубай
Қазақстанда 2026 жылы зейнетке шығу тәртібі бұрынғысынша сақталады. Ер адамдар үшін зейнет жасы – 63 жас, ал әйелдер үшін – 61 жас болып қала береді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Алайда алдағы жылдары әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңмен өсіп, 2031 жылға қарай ерлермен теңестіріледі. Бұл өзгеріс бұрын қабылданған жоспарға сәйкес жүзеге асып жатыр.
Әйелдердің зейнет жасының өсу кестесі төмендегідей:
• 2024–2027 жылдары – 61 жас;
• 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас;
• 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас;
• 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас;
• 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас.
Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасы бірдей – 63 жас болады.