Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірнеше облыста жаңбыр жауады.

Атап айтқанда, 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ бұл өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғады. Ал елдің солтүстігі, батысы, орталығы мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Сипонтиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстігінде күндіз +35…+43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35…+40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Еліміздің батысында 6-7 маусымда күндіз ауа температурасы +30…+38 градус болады, ал 8 маусымнан бастап +25…+30 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күндіз сынап бағанасы +22…+30 градустан +20…+25 градусқа дейін шамалы төмендейді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close