Білім

Қазақстанда алғаш рет ғалым әйелдерге арналған марапат табысталды

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы  марапатты салтанатты түрде  табыстау рәсімін өткізді6 деп жазды qandastar.kz

Атаулы іс-шараға 400-ге жуық отандық ғылымды дамытуға айрықша үлес қосқан жетекші әйел-ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

Найля Оразғұлқызы Базанова (1911-1993) — Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы әйел-академик, биология ғылымының жаңа саласының — ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясының негізін қалаушы. Ол қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымының докторы (1945), профессор (1946), Қазақ КСР ғылым академиясының академигі (1951), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946).

Қазақстанда ғылыммен айналысып жүрген зерттеуші мамандар арасындағы әйелдер саны 12 мыңға жуық. Бұл жалпы ғалымдар санының 55,6%.

Ғылыми дәреже қорғаған аруларымыздың қатары жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, биыл әйел арасында ғылым докторлары – 848-ге жетті, ғылым кандидаттары – 2 872-ге, PhD докторлар – 1 806-ға жетті.

Біздің деректеріміз бойынша, 2024 жылы қазақстандық әйелдер Web of Science және Scopus журналдарында 3100-ден астам мақала жариялады, оның ішінде 1400-ден астамы – бірінші автор ретінде көрінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15% -ға артық. 2024 жылы Web of Science бірінші квартиліндегі ең беделді журналдарда қазақстандық ғалым әйелдеріміз жариялаған мақалалар саны 500-ден асты.

Тұңғыш отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы  марапатпен 48 отандық ғылымның дамуына айрықша үлес қосып жүрген, ғылыми әлеуеті жоғары, ғылымның әртүрлі бағыттарында үздік нәтиже көрсеткен, жетекші әйел-ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды. Марапатқа лайықты үміткерлер университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары ұжымдарының ұсыныстары бойынша анықталды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close