Жаңалықтар

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттауы мүмкін: министрлік себебін айтты

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа заң аясында толық қайтарылатын әуе билеттерін енгізу ұсынылды. Алайда, мұндай норма енгізілсе, билет бағасы өседі. Бұл жөнінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты, деп жазады qandastar.kz сайты Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, тарифке билет құнын толық қайтару мүмкіндігін қосу – әуе компаниясының шығынын көбейтеді. Себебі, көптеген жолаушылар әртүрлі себеппен рейске келмей қалады.

Егер билет толық қайтарылатын болса, сол шығын басқа жолаушыларға бөлінеді. Рейске келмеген адам 100% ақшасын алады, бірақ әуе компаниясының басқа табыс көзі жоқ. Сондықтан бұл тарифтердің өсуіне әкелуі мүмкін, – деді Талғат Ластаев.

Жиында журналистер депутаттардың бастамасын да еске салды: олар азаматтарға жоспар өзгерген жағдайда билетті қайта тапсыруға рұқсат беруді ұсынған болатын.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа заң жобасында әуе тасымалдаушыларға бақылауды күшейту қарастырылғанын айтқан. Сондай-ақ, билет қайтарылған жағдайда компания тек 10% ұстай алады деген талап енгізілмек.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button