Жаңалықтар

Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді – ТЖМ

 

23 ақпан, жұма күні еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.

Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты жер сілкінісі қаупі мен зілзала кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close