Жаңалықтар
Қазақстанда азаматтар енді харассмент үшін жауапқа тартылады
«Қазіргі уақытта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі харассмент үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде ,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Бүгінде түзетулер мен бұл бастама мемлекеттік органдардың талқысында. Аталған мәселе алдағы уақытта қаралады деп ойлаймын. Қазір заңды еңбек министрлігі әзірлеп жатыр», – деді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров.
Бұған дейін үкімет депутаттардың харассмент үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы түзетулерін қолдамаған еді.