Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда барлық банктерге ортақ QR-кодпен төлем жасау жүйесі іске қосылады

19 шілдеден бастап қазақстандықтар кез келген банк қосымшасы арқылы бірыңғай QR-код көмегімен төлем жасай алады. Жаңа жүйе кәсіпкерлерге бір ғана QR арқылы түрлі банктердің клиенттерінен төлем қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысында мәлімдеді.

Қазақстанда төлем жасаудың жаңа мүмкіндігі пайда болады. 19 шілдеден бастап азаматтар кез келген банктің мобильді қосымшасы арқылы бірыңғай QR-код көмегімен тауарлар мен қызметтердің ақысын төлей алады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Qandastar.kz сайты.

Жаңа жүйенің негізгі мақсаты – Қазақстандағы төлем инфрақұрылымын біріздендіру. Енді кәсіпкерлер әр банк үшін бөлек QR-код орналастырмай, бір ғана код арқылы түрлі қаржы ұйымдарының клиенттерінен төлем қабылдай алады.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, бірыңғай QR жүйесі бизнес өкілдеріне де, тұтынушыларға да ыңғайлы болмақ. Сауда орындары бірнеше банктің төлем құралдарын қатар пайдалануға мәжбүр болмайды, ал клиенттер өзіне ыңғайлы кез келген банк қосымшасы арқылы есеп айырыса алады.

Сонымен қатар, сауда нүктелеріндегі төлем терминалдарының саны кәсіпкерлердің шешіміне байланысты болады. Жаңа QR жүйесінің енгізілуі терминалдарды міндетті түрде алып тастауды немесе ауыстыруды талап етпейді.

Мамандардың пікірінше, бұл қадам Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға және қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button