ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Қазақстанда бензин бағасы өзгереді

Фото: ашық дереккөз

Жанар-жағармайды субсидиялайтын 40-қа жуық елдің қатарында Қазақстан болған. Мұнайға шылқыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда бензин бағасы әлдеқайда арзан. Алайда, оның зиянды тұсы «қара нарықтың» белең алуы, деп жазады qandastar.kz

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы: «Ақиқаты осы, оны несіне жасырамыз, көрші елдерге контрабандалық жолмен жанар-жағармай тасылатынын жұрттың бәрі көріп отыр, өз кезегінде бұл қылмыстың етек алуына негіз болды», деген еді.

Енді баға – нарық заңына сәйкес бірқалыпты тұрмақ емес. Энергетика министрі Аи-92 бензині бастапқыда 5 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтқан. Қазіргі жағдайда жанар-жағармай бағасының өсуі заңдылық деп отыр, өйткені мұнай өңдеу салаларына инвестицияны көбірек тарту керек.

Толығырақ «Хабар» агенттігі ақпаратында:

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close