Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда бетін жасырған 1600 адам жауапқа тартылды

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге заңмен шектеу қойылғанын тағы да еске салды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, бұл талап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңда қарастырылған және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Алайда тыйым барлық жағдайға бірдей қолданылмайды. Ауа райының қолайсыз жағдайларында, медициналық көрсетілімдер бойынша, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау кезінде немесе спорттық және мәдени іс-шараларға қатысқанда бетті жабатын киім киюге рұқсат етіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабына сәйкес, мұндай талапты алғаш рет бұзған азаматтарға ескерту беріледі. Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

ІІМ дерегінше, қазіргі уақытта аталған норма бойынша 1613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button