Жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы парламентке атау беру мәселесі талқыланып жатыр

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен парламенттік реформа мәселелері жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Тypicalkaz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жиын барысында жаңа бір палаталы заң шығару органына атау беру мүмкіндігі басты тақырыптардың бірі ретінде талқыланды.

Бұл қазіргі екі палаталы парламенттік жүйеден бір палаталы жүйеге көшу ықтималдығын көрсетеді.

Аталған реформа елдегі ауқымды саяси жаңғырудың бір бөлігі болып табылады. Ерлан Қариннің айтуынша, бұл мәселе жарты жылдан бері талқыланып келеді. Қоғам да белсенді түрде қатысуда: eGov және e-Otinish платформалары арқылы азаматтар мен сарапшылардан 500-ден астам ұсыныс түскен.

Барлық бастамалар жан-жақты зерделеніп, соның негізінде түпкілікті шешімдер қабылданатын болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button