Жаңалықтар
Қазақстанда болған су тасқынына жаһандық жылыну процесі әсер етті – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ отырысында экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықтың өзектілігіне тоқталды,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Президенттің айтуынша, Қазақстанда болған су тасқынына жаһандық жылыну процесі әсер еткен.
“Біз түрлі табиғи катаклизмдердің айтарлықтай көбейгеніне куә болдық. Әлемдегі барша мемлекет бұдан орасан зор зардап шегіп отыр. Жуырда Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді. Мамандардың пікірінше, бұл табиғат апатының ауқымы жаһандық жылыну процесімен тікелей байланысты. Климаттың сын-қатерлерін жалғыз еңсеру мүмкін емес екені анық. Әлемдік қауымдастық экономиканы декарбонизациялау жөніндегі батыл қадамын жалғастыруға тиіс деп санаймын. Бірақ бұл мемлекеттердің дамуға және жаңғыруға бағытталған маңызды міндеттеріне зиянын тигізбеуі керек”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.