Жаңалықтар

Қазақстанда дін қызметкерлері қанша жалақы алады?

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды  qandastar.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни басқарманың мәліметінше дін қызметкерлері ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып отыр.

ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалған еді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне өсті, — деп жазылған хабарламада.

Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар.

Ал қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде, — деді ҚМДБ.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close