Жаңалықтар

Қазақстанда дипфейк үшін айыппұл салынады

Жасанды интеллект туралы заң жобасының авторы, депутат Екатерина Смышляева Қазақстанда адамның даусын немесе бейнесін қолдан жасап, алдау мақсатында пайдаланатын дипфейк технологиясы үшін айыппұл салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы qandastar.kz сайты хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, дипфейктер қоғам пікіріне әсер етіп, адамдарды адастыруы мүмкін. Сондықтан мұндай технологияларды қолдануға тыйым енгізіледі. Әсіресе бұқараға танымал адамдар жиі зардап шегеді, өйткені олардың жеке деректері келісімсіз пайдаланылады.

«Біз бұл тыйымды заң жобасына енгіздік. Қазір дипфейк жасауға мүмкіндік беретін жүйелердің иелеріне 15-тен 100-ге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылып отыр (шамамен 59 мыңнан 393 мың теңгеге дейін). Бұл кәсіпкерлік субъектісіне байланысты болады», – деді депутат Смышляева.

Қазіргі кезде мәжіліс депутаттары дипфейкті тарату үшін Қылмыстық кодексте жаза қарастыру керек пе, жоқ па деген мәселені талқылап жатыр.

«Жаза тек нақты құқықбұзушылық құрамы анықталғаннан кейін, тиісті келісімдерден өткен соң ғана енгізіледі. Қылмыстық кодекс өте маңызды құрал, оны өте мұқият қолдану керек», – деді депутат.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close