Әлеумет және қоғамЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Қазақстанда доллар бағамы бір күнде 10 теңгеге жуық өсті

Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 476 теңгеден асты. АҚШ валютасымен бірге рубль мен юань бағамы да қымбаттады.

24 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 476,07 теңгеге жетті. Осылайша, АҚШ валютасы бір күн ішінде 9,85 теңгеге өсті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

KASE-дегі сауда Астана уақытымен 15:30-да аяқталды. Сауда нәтижесінде ресейлік рубль де қымбаттап, бағамы 0,13 теңгеге өсіп, 6,08 теңгені құрады. Ал Қытай юанінің құны 1,50 теңгеге көтеріліп, 70,25 теңгеге жетті.

Ұлттық банк 24 шілдеге доллардың ресми бағамын 465,74 теңге деңгейінде бекітті. Еуроның ресми бағамы 531,08 теңге болса, Ресей рублі 5,92 теңге болды.

Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 473,82 теңге, сату бағамы 476,81 теңге деңгейінде қалыптасты.

Астанада америкалық валютаны сатып алу бағамы 470,97 теңге, ал сату бағамы 477,97 теңге болды.

Жалпы Қазақстандағы айырбастау орындарында доллар 472–477 теңге, еуро 540–546 теңге, рубль 5,69–5,83 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сонымен қатар әлемдік нарықта мұнай бағасы да өсті. Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,37%-ға қымбаттап, барреліне 101,06 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнай бағасы 1,9%-ға өсіп, барреліне 91,20 доллар деңгейінде саудаланды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button