Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды: Министрлік не дейді

Бүгін Мәжілісте 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау кезінде ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Құжатта Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақыны қазіргі 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынған. Бұл бастама Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына негізделген жаңа есептеу әдістемесіне сүйенеді.

Алайда, ұсынысқа қатысты Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пікір білдіріп, қазіргі бюджет жобасында мұндай шығын қарастырылмағанын айтты.

«Бүгін Мәжілісте 2026 жылға арналған бюджет талқыланып жатыр. Депутаттар қалай қабылдайтынын дауыс беру арқылы көреміз. Бірақ қазіргі бюджет жобасында ең төменгі жалақыны көтеруге қаражат көзделмеген», – деді Біржанов.

Еске салайық, ең төменгі жалақы соңғы рет 2024 жылы 85 мың теңгеге дейін көтерілген еді. Жаңа ұсыныс қабылданса, бұл көрсеткіш тағы 29 пайызға өседі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button