ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер ұлғаяды

Қазақстан Үкіметі 2025 жылғы 17 желтоқсанда «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру туралы» қаулыны бекітті, деп жазады qandastar.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатта былай делінген:

2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынатын әлеуметтік төлемдер көлемінің 10 пайызына арттырылсын.

Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін біз 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі жалақы мен зейнетақы қандай болатынын хабарлаған едік.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button