Жаңалықтар

Қазақстанда ер адамдардың бос уақыты әйелдерге қарағанда екі есе көп

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы «халықтың уақыт бюджетін пайдалануы»атты модульдік зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы.

Мәліметке сәйкес, жеке күтім (ұйқы, тамақтану, гигиеналық процедуралар) тәуліктің орта есеппен 54,2% немесе 13 сағатын алады. Оның 9 сағат 26 минуты ұйқы, 1 сағат 57 минуты дұрыс тамақтану, 1 сағат 27 минуты гигиена және күтім жасауға кетеді.

Жұмыс (жұмыспен қамту) күніне 2 сағат 56 минут (12,2%), үй шаруашылығына – 3 сағат 14 минут (13,5%), оқуға – 28 минут (2%), жеке тұтыну тауарларын өндіруге – 12 минут (0,8%), бос уақыт – 4 сағат 9 минут (17,3%).

15 және одан жоғары жастағы ер адамдар жұмысқа орта есеппен 5 сағат 13 минут жұмсаса, әйелдер 4 сағат 18 минут жұмсайды. Сонымен бірге әйелдер үй шаруасына ер адамдарға қарағанда көбірек уақыт бөледі. Мәселен, әйелдер күніне 4 сағат 5 минутын арнаса, ерлер небәрі 1 сағат 51 минут бөледі. Нәтижесінде ерлердің бос уақыты әйелдерге қарағанда көбірек, яғни күніне 4 сағат 4 минут, ал әйелдерде 2 сағат 56 минут.

Жұмыс істейтін азаматтардың ішінде ер адамдар жұмысқа орта есеппен 9 сағат 7 минут, әйелдер 7 сағат 57 минут жұмсайды. Бұл ретте бос уақытқа сәйкесінше 2 сағат 31 минут және 1 сағат 50 минут қалады.

Сауалнама 2024 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін жүргізілді. Оған 10 жастан асқан 11 914 респондент қатысты. Зерттеу алты жылда бір рет жүргізіледі. Сауалнама нәтижесі Ұлттық статистика басқармасының веб-сайтындағы Тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінде толығырақ көрсетілген.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close