Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс көлемі 8,2%-ға өсті де, 191,1 млрд теңгеге жетті. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 175,8 млрд теңге болған. 2026 жылдың қаңтар айында фармацевтикалық өндіріс көлемі 15,7 млн теңгені құрады.
Қазіргі таңда елімізде 209 қазақстандық фармацевтикалық өндіруші тіркелген. Олардың 43-і дәрілік заттарды, қалғандары медициналық бұйымдарды шығарады.
Сонымен қатар, фармацевтикалық өнімдер өндірісін дамыту аясында 316,3 млрд теңге көлемінде 6 инвестициялық келісім жасалған. Бұл жобалар нәтижесінде 400-ге жуық дәрілік зат түрі өндіріліп, 1100-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылуы жоспарланған.
Толығырақ: kaz.inform.kz

