«QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов елде газдың көтерме бағасын біртіндеп өсіру қажет екенін айтты, деп жазады qandastar.kz.
Оның айтуынша, жақында тариф 33 пайызға артқанына қарамастан, Қазақстан әлі де газ ең арзан елдердің бірі болып отыр.
Компания басшысы атап өткендей, бүгінде «QazaqGaz» жыл сайын ішкі нарықты шамамен 200 миллиард теңгеге субсидиялайды.
– Бағаны кезең-кезеңімен көтеру еліміздің энергиялық қауіпсіздігін күшейтіп, барлық аймақты сенімді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары газ бағасының өсуі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көпшілігімен салыстырғанда әлдеқайда төмен болды, – деді Әлібек Жамауов.
Сарапшылардың пікірінше, газ нарығын тұрақтандыру мен инфрақұрылымды дамыту үшін бағаны реттеу маңызды қадам болмақ.



