Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев саладағы бірқатар проблеманы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оның айтуынша, 2000-жылдардан бастап шамамен 40 мың маман ғылымнан кетіп қалған, ал қаржыландырудың жеткіліксіздігі ғылыми институттардың жұмысын қиындатқан.
«Сол жылдары жіберілген олқылықтарды анықтап, түзету жүргізілмейінше, ғылымның тұрақты дамуы туралы айту қиын», – деді Ақылбек Күрішбаев.
