Білім

Қазақстанда ғылыми зерттеулер бюджеттің және салықтың жеңілдіктері есебінен жүргізіледі

Ғылым министрінің м. а. 2024 жылғы 26 желтоқсандағы бұйрығымен бюджет қаражаты есебінен және берілетін салық жеңілдіктері шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды qandastar.kz zakon.kz сілтеме жасап.

Құжатта ғылыми зерттеулер ұғымы нақтыланған:

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер».

 

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің міндеттері:

  • жобалық ғылыми қызметті жүзеге асырудың бірыңғай қолжетімді жағдайларын жасау;
  • жобаның мақсатына қол жеткізудегі міндеттердің әрқайсысының рөлінің және басқа міндеттермен және жобаның күтілетін нәтижелерімен өзара байланысының қысқаша негіздемелері;
  • ғылыми қызметті жүзеге асыруға, есептік материалдарды дайындауға байланысты рәсімдерді ретке келтіру;
  • жобалық ғылыми қызметті жүзеге асыру кезінде және есепті материалдарды дайындау кезінде қателіктер жіберудің тәуекел факторларын қысқарту;
  • ғылыми қызметті сипаттайтын ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу;
  • Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім беру және жобаны аяқтау сатысында әзірлемелердің технологиялық әзірлігінің деңгейін көрсете отырып, міндеттердің өлшенетін көрсеткіштерін көрсету болып табылады.

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқару мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басымдықтары;
  • ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ашықтығы, объективтілігі және теңдігі;
  • ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар сараптамасының объективтілігі мен тәуелсіздігі;
  • ғылыми зерттеулердің экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі;
  • ғылым, білім және өндірістің интеграциясы;
  • ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру;
  • технологиялар трансферті.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close