Жаңалықтар
Қазақстанда қандай көліктерге сән-салтанат салығы салынады? Экономика министрлігі жауабы
Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің басшысы Ерлан Сағнаев Қазақстанда қандай көліктерге сән-салтанат салығы салынатынын айтты,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Сән-салтанат салығы салынатын люкс көліктер тізіміне Rolls-Royce, ең соңғы Mercedes және премиум-класс Lexus кіреді. Содай-ақ, Сагнаев осындай қымбат көліктері бар қазақстандықтардың саны туралы айтты.
«Біз құны 75 миллион теңгеден жоғары болатын жеңіл автомобильдер үшін шекті кедендік құнды белгіледік. Егер автомобильдің кедендік құны осы шектен асып кетсе, оған қосымша 10 пайыздық акцизге салық салынады. Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәліметтері бойынша, соңғы екі жылда осындай 270-ке жуық автомобиль әкелінген. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес келеді, ол сән-салтанат салығы орта санатқа әсер етпеуі керек екенін атап өтті. Бұл шара соңғы екі жылда 300 адамнан аспайтын, премиум-класты автокөліктерді сатып алуға қабілетті азаматтар санатына бағытталған», – деп түсіндірді Сағнаев.