ЖаңалықтарҚандастарға қолдау

Қазақстанда қандас мәртебесін алу рәсімі жеңілдетіледі

 26 қазаннан бастап Қазақстанда қандас мәртебесін беру және ұзарту ережелерінің жаңартылған нұсқасы күшіне енеді, деп жазады qandastar.kz

Енді қандас мәртебесін алу үшін өтінішті электронды форматта тапсыруға болады. Ол үшін арнайы көші-қон қызметтерінің бірыңғай порталы, мобильді қосымша, Қазақстанның шетелдегі өкілдіктері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) және электронды үкімет порталы (eGov.kz) қолжетімді болады.

Өтінішке қоса төмендегі құжаттар тапсырылады:

  • Өмірбаян (автобиография);

  • Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

  • Барлық құжаттар қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

Сонымен қатар қазақ ұлтына тиесілігін растайтын туу туралы куәлік, төлқұжат немесе өзге де ресми құжаттар қажет.

Барлық құжаттар түпнұсқада және көшірмеде тапсырылуы тиіс, алайда мемлекеттік дерекқорлардағы электронды нұсқаларды пайдалану да мүмкін болады.

Жаңа ережелердің мақсаты — қандастардың тарихи Отанына оралу және Қазақстан азаматтығын алу үдерісін жеңілдету.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button