Жаңалықтар
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр?

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы.
Жүнісбековтің дерегінше, тұрғын үй кезегінде барлығы 654 мыңнан астам адам тұр.
Оның ішінде:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 15 адам;
Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 60 496 адам;
Көп балалы аналар, көп балалы отбасылар – 140 503 адам;
Халықтың әлеуметтік осал топтары – 256 072 адам;
Бюджеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер – 193 760 адам;
Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған ҚР азаматтары – 4 077 адам.