Қаржы және төлемдер

Қазақстанда қаржы директорына қарағанда құрылысшы жоғары жалақы алады

Фото: ашық дереккөз

Тамыз айында ең жоғары жалақы бас құрылысшыға (684,3 мың теңгеден бастап), қосымша әзірлеушілерге (670 мың теңгеден бастап) және қаржы директорларына (660,7 мың теңгеден бастап) ұсынылған, – деп хабарлады qandastar.kz enbek.kz-тегі деректерді талдап.

Білім беру саласындағы  білікті мамандарға да сұраныс күрт өскен. Мектептерде 15 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Олар математика, бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін, сондай-ақ тәрбиешілерді іздеген.

Өткен айда электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындарының саны, 27,4 мыңға жетті. Түйіндеме саны 3%-ға, шамамен 3500-ге дейін қысқарып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, елімізде 2030 жылға қарай сұранысқа ие болатын мамандар: дәрігерлер, педагогтар, инженерлер, техникалық мамандар мен IT саласының мамандары.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close