Жаңалықтар

Қазақстанда кәсіпкерлер ірі соманы шешу үшін ақшаның мақсатын түсіндіруге міндеттеледі

Фото: Нұрболат Нұржаубай

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктен ірі көлемде қолма-қол ақша алатын кәсіпкерлер қаражатты қайда жұмсайтынын көрсетуге міндетті болады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Жаңа ереже бойынша белгіленген айлық лимиттен асқан жағдайда кәсіпкер банкке өтініш беріп, ақша жұмсалатын мақсатты растайтын құжаттар тапсыруы тиіс. Бұл мәліметтер мемлекеттік кірістер органына жолданып, соңғы шешімді банк қабылдайды. Айта кетейік, апелляция тәртібі қарастырылмаған.

Лимиттер өзгеріссіз қалады:

шағын кәсіпкерлік – 20 млн теңге,

орта кәсіпкерлік – 120 млн теңге,

ірі кәсіпкерлік – 150 млн теңге.

Микрокәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алушылар және азық-түлік пен дәрі-дәрмек саудасымен айналысатындар үшін шектеулер қолданылмайды.

Ұлттық банк бұл талаптар кәсіпкерден алдын ала жоспар немесе егжей-тегжейлі есеп беруді талап етпейтінін, тек қаражаттың мақсатты жұмсалуын нақтылауға бағытталғанын атап өтті.

Сарапшылар кәсіпкерлерді өзгерістерге дайын болуға шақырып отыр.

Back to top button