Қаржы және төлемдер
Қазақстанда коммуналдық тариф өседі
Фото: ашық дереккөз
Үкімет басшысы Олжас Бектенов нарықтық баға саясатына біртіндеп көшетінімізді айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
«Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруды бастады. Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді», – дейді Олжас Абайұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.