Әлеумет және қоғамҚаржы және төлемдерСараптама

Қазақстанда қытайлық инвесторлардың саны артып жатыр

Қытайлық компаниялар Қазақстанда бизнесін  қарқынды дамып жатыр. Тек қыркүйек айының өзінде Қытай иелігі бар заңды тұлғалар мен филиалдар саны 307-ге артты, нәтижесінде олардың жалпы саны 7,1 мыңға жетті. Бұл — соңғы үш жарым жылдағы ең жоғары айлық өсім, деп хабарлайды qandastar.kz

Қытай компанияларының саны төрт ай қатарынан өсіп келеді, бұл тұрақты үрдіске айналғанын көрсетеді. Сонымен қатар, ай сайынғы өсім 100-ден астам жаңа кәсіпорынды қамтитын жағдай соңғы бір жарым жыл бойы үздіксіз байқалуда.

Қыркүйектегі өсімнің негізгі бөлігін шағын кәсіпорындар қамтамасыз еткен. Қытайлық бизнес әсіресе сауда (+123 компания), өңдеу өнеркәсібі (+34) және қызмет көрсету саласында (+31) белсенді дамыған. Осы үш бағыт жалпы өсімнің шамамен екі үштен бірін қамтамасыз етті.

Барлық шетелдік компаниялар арасында Қытай ең жылдам өсімді көрсетіп отыр. Екінші орында —  Өзбекстан (+167 компания), ал Ресей керісінше 22 заңды тұлғамен азайып, 23,1 мыңға түсті.

1 қазан жағдайы бойынша Қазақстанда қытайлық құрылтайшылары бар 5,3 мың белсенді компания мен филиал жұмыс істейді. Белсенді ұйымдар өсімі жалпы көрсеткішке сәйкес, +306 бірлік болды.

Сарапшылардың пікірінше, Қытай қазір тек сауда саласында ғана емес, сонымен қатар өндіріс пен қызмет көрсету секторларында да белсенділігін арттырып, Қазақстанның негізгі инвесторлары мен іскер серіктестерінің біріне айналып келеді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button