Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда медициналық қызметтерге цифрлық теңгемен төлеу пилоттық жобасы іске қосылмақ

Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмек пен МӘМС аясындағы қызметтерге цифрлық теңге арқылы есеп айырысу тетігін енгізуді ұсынды. Жоба медициналық қаражаттың ашықтығы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған және 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметтерге, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға цифрлық теңге арқылы төлем жүргізуге арналған пилоттық жобаны әзірледі. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.

Жоба аясында ТМККК және МӘМС қаражаты бойынша есеп айырысу, цифрлық таңбалау және бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау тәртібі айқындалады.

Министрліктің мәліметінше, бастаманың негізгі мақсаты – цифрлық теңгені пайдалану арқылы бюджет қаражатының ашықтығын арттыру, оның қозғалысын бақылауды күшейту және медициналық қызметтерді қаржыландырудың тиімділігін қамтамасыз ету.

Құжат қазіргі таңда қоғамдық талқылауға шығарылған. Азаматтар мен сарапшылар өз ұсыныстарын 19 тамызға дейін «Ашық НҚА» порталында қалдыра алады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button