Жаңалықтар
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің ант беру тәртібі өзгерді
Фото:© РИА Новости
Мемлекеттік қызметшілердің ант беру мәтіні жетілдіріледі, деп жазады qandastar.kz
Бұл хақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы төрағасы Дархан Жазықбай хабарлады. 2024 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында мемлекеттік қызметшілердің ант ету мәтінін жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын айтылды.
«Мемлекеттік қызметшілердің антқа адал болуы негізгі құндылыққа айналуға тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметші ант қабылдағанда адал, әділ және өз міндеттерін мінсіз орындауға уәде береді. Ант – қоғам алдындағы жеке міндеттеме мен жауапкершіліктің көрінісі. Ол қоғамға қызмет ету, ел мүдделерін қорғау және жоғары моральдық құндылыққа сәйкес әрекет ету міндетін жүктейді», – деді Агенттік төрағасы.