Жаңалықтар

Қазақстанда никаб киюге тыйым салынуы мүмкін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ақорда кулуарында «Қазақстанда никаб киюге заңмен тыйым салына ма?» деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Мәдениет министрлігі басшысы бұл мәселеге келгенде жеке заң жоқ екенін, алайда Ішкі істер министрлігі никаб киюге тыйым салатын норма қарастырып жатқанын айтты.

«Жеке заң жоқ екенін айтқым келеді. Ішкі істер министрлігі қарастырып жатқан норма бар. Ол норма никабқа тыйым салуды көздейді. Бұл норма қазір мәжілісте қаралып жатыр. Мәжілістің өз рәсімдері бар, менің білуімше, бірінші оқылымда талқылау жүріп жатыр немесе талқылап тастады», – деді Аида Балаева.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close