Жаңалықтар

Қазақстанда облыстық спорт басқармаларының басшылары жаңа әдіспен тағайындалады

Фото: ашық дереккөз

Бұл үшін Туризм және спорт министрлігінде арнайы комиссия құрылды, деп жазады qandastar.kz

Облыстық спорт басқармаларының басшыларын тағайындау өкілеттігі жергілікті атқарушы органдардан Туризм және спорт министрлігіне берілді. Осы мақсатта министрлікте министр Ербол Мырзабосынов басқаратын арнайы комиссия құрылды.

ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарымен кездесуде  Президент үкіметке спорт саласындағы вертикалды басқаруды қалпына келтіруді тапсырды. Комиссияның негізгі міндеті – бөлімдер арасында жауапкершілік пен өкілеттіктерді нақты және әділ бөлу.

Облыстық спорт басқармаларының басшылары лауазымына үміткерлер кәсіби тәжірибесі, басқару қабілеті, коммуникативті дағдылары, стратегиялық ойлау қабілеті және моральдық-этикалық қасиеттері сияқты бірқатар критерийлер бойынша бағаланады.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар мен министрлік, сондай-ақ азаматтардың өздері ұсына алады. Осы уақытта Павлодар, Қарағанды ​​және Түркістан облыстарының спорт басқармаларының жаңа басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close