Жаңалықтар
Қазақстанда орташа зейнетақы – 143 мың теңге

Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда жыл басынан бері 1 триллионнан астам теңге зейнетақыға жұмсалды, деп хабарлайды qandastar.kz
Еңбекминінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 44,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:
• 337,6 млрд теңге – базалық зейнетақыға,
• 706,7 млрд теңге – ынтымақты зейнетақы төлемдеріне бағытталған.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 2,5 млн-ға жуық зейнеткер тіркелген.
Сол күнгі есеппен жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады. Оның ішінде:
• ынтымақты зейнетақы – 95 963 теңге,
• базалық зейнетақы – 47 659 теңге болды.
Бұған дейін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
• базалық зейнетақы 6,5%-ға,
• ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өскені хабарланған еді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
• базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін (32 360 теңге),
• ең жоғары мөлшері 110%-на дейін (50 851 теңге) жеткізілді.