Жаңалықтар

Қазақстанда рақымшылық бойынша мыңдаған сотталған бостандыққа шықты

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында 2 мыңнан астам адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылды, деп жазады qandastar.kz сайты ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мәлімдеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соттар 15 970 ұсынысты қарады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам, оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ соттар 11 мыңнан астам сотталушының жаза мерзімін қысқартқан.

Рақымшылық кәмелетке толмағандарды, балалы әйелдерді, жүкті әйелдерді, мүгедектерді және қарт адамдарды қамтыды. Заң пенитенциарлық жүйеге түсетін жүктемені азайтуға және әлеуметтік әділеттілікті қолдауға мүмкіндік берді, – деп атап өтті ҚАЖК.

Бостандыққа шыққан азаматтардың барлығы пробация қызметтерінің тұрақты бақылауында және полицияда жеке есепке қойылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button