Қазақстанда 2025 жылы автожолдарды жөндеу және салу бойынша рекордтық көрсеткіш орнатылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
2025 жылы Қазақстанда рекордтық 13 мың шақырым автомобиль жолдары құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
Нәтижесінде республикалық жолдардың 94%-ы техникалық нормативті жағдайда.
Сондай-ақ ішкі шекарадағы өткізу пункттерін модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарлануда.
«Жол саласын цифрландыруға ерекше назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық паспорттары қалыптастырылуда, олар жолдардың техникалық жай-күйін, қозғалыс қарқындылығын және пайдалану параметрлерін орталықтандырылған түрде есепке алуды қамтамасыз етеді», — дейді Үкімет.
Жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізіледі.
Жол төсемін сақтау үшін 220 бірлікке дейін автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жалғасуда. Қазіргі таңда оның 71 бірлігі іске қосылған.



