
Фото: Алматы әкімдігі
2026 жылдан бастап Қазақстанда суармалы су алуда үлкен өзгеріс болады — барлық келісімшарттар мен төлемдер толықтай электронды түрде жүргізілмек. деп жазды qandastar.kz
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл қадам арқылы делдалдар мен қолма-қол ақша жинау мәселесін жоятындарын жеткізді.
Енді шаруалар мен «Қазсушар» арасындағы барлық қарым-қатынас онлайн форматқа көшеді, бұл су пайдаланудың ашықтығы мен есептілігін жаңа деңгейге көтереді. Мұндай өзгеріс ауыл шаруашылығында қалайша әсер ететіні алдағы уақытта белгілі болады.