Жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір бала көкжөтелден көз жұмды
Фото: shutterstock.com
Қазақстанда тағы бір бала көкжөтелден қайтыс болды, деп хабарлайды Qandastar.kz. Қауіпті инфекциядан болған екінші өлім-жітім туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтып берді.
«Бізде ағымдағы жылы . Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында көкжөтелден өлімнің екі жағдайы тіркелді. Екеуі де вакцинацияланбаған. Екінші бала егу жасына жеткен жоқ», – деді Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін, оның өлім – жітімі өте жоғары екенін айтады: 10 науқастың төртеуі өлуі мүмкін. Қазір Қазақстанда ай сайын көкжөтелді жұқтырудың 350-ден 400-ге дейін жағдайы тіркеледі, деп хабарлады Есмағамбетова.
Науқастардың шамамен 90 пайызы вакцинацияланбаған. Денсаулық сақтау министрлігі иммундаудан бас тартпауға шақырады. Елдің бас санитарлық дәрігері француздық көкжөтелге қарсы вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеді деп сендіреді.