Жаңалықтар

Қазақстанда тағы да сарбаз қайтыс болды

Фото:Қорғаныс министрлігі

Абай облысы Аягөздегі әскери бөлімде 18 жастағы сарбаз Саламат Сабитов көз жұмды, деп хабарлады qandastar.kz

Orda.kz басылымының ақпаратынша, ол наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысынан әскерге шақырылған. Әскер қатарында небәрі үш апта ғана болып, ант беріп үлгермеген.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Саламатты денсаулығына байланысты әскерге жібермкуі керек болған.

«Ол әскери қызметке жарамсыз болатын. Қолымызда анықтама да болды. Саламаттың омыртқасы ауырды, көру қабілетінде де мәселе болды. Соған қарамастан, оны танк бөлімшесіне жіберді. Бір апта ауруханада жатты. Жағдайы нашарлаған соң, бізді шақыртты», – дейді марқұмның туыстары.

Қазіргі таңда ата-анасы Аягөзде. Алдын ала мәлімет бойынша, Саламаттың өліміне менингиттен пайда болған іріңді ми қабынуы себеп болған.

Қорғаныс министрлігі Саламат Сабитовтың қазасын растады және кейінірек түсініктеме беретінін мәлім етті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close