Журналист Кәмшат Тасболат әлеуметтік желідегі парақшасында этникалық және тілдік тақырыпқа қатысты өз пікірін бөлісті. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.
«Қазақстанның орысы ресейге көшіп кеткен орыстілді қазаққа қалай қазақша дұрыс жазуды үйретіп тұр! Кейде ресейге қарап ұлып, орысша сөйлейтін қазақтан «Қазақстан – Отаным» деп елде қалып, қазақша сөйлейтін орыс жақынырақ… Мына заманда ресейге көшіп жатқан қазақтардың бары таң қалдырады», — деп жазды журналист facebook парақшасында.




