Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ЕНТ) форматы түбегейлі жаңартылады, деп хабарлайды qandastar.kz. Бұл жұмысты еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық ETS ұйымымен бірлесіп жүзеге асырады.
Жаңа жүйе енді тек оқушының академиялық білімін емес, өмірде және кәсіби ортада табысқа жету үшін қажет негізгі дағдыларды да бағалайды.
Министрліктің мәліметінше, тестілеу процесіне жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Бұл әдіс әділдік пен объективтілікті арттыруға бағытталған.
«Жасанды интеллект технологияларын қолдану – оның ішінде бейімделмелі тестілеу, автоматтандырылған бағалау және интеллектуалды талдау жүйелері – емтиханның әділдігі мен сенімділігін айтарлықтай арттырады», – делінген министрлік хабарламасында.