2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Салық кодексіне және Ұлттық банктің бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанның ұлттық валютасының атауы ресми түрде «теңге» деп жазылатын болды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Жаңартылған Салық кодексінде бұрын қолданылып келген «тенге» атауы «теңге» нұсқасымен ауыстырылды.
Сонымен қатар Ұлттық банк өз құжаттарындағы бірқатар терминдерді жаңартты. Енді орыс тіліндегі ресми мәтіндерде «тенге» сөзі «теңге» деп жазылады. Бұдан бөлек, «иностранный» терминінің орнына «шетел азаматы», ал «ақпараттық жүйелер» тіркесінің орнына «цифрлық жүйелер» атауы қолданылады.
Салық кодексінде жаңа Конституция талаптарына сәйкес өзге де атаулар өзгертілді. Атап айтқанда, «Парламент» атауы «Құрылтай» болып өзгертіліп, «Қазақстан Халық Кеңесіне» қатысты жаңа ережелер енгізілді. Сондай-ақ «республикалық референдум» атауының орнына «жалпыхалықтық референдум» термині қолданылатын болды.
Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді Конституциялық сотқа жүгінгені үшін мемлекеттік баж алынбайды.



