Жаңалықтар
Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлері видеожетонмен қамтылмақ
Фото: ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалған шабуыл жиілегендіктен, олар видеожетонмен қамтылатынын айтты. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмарал Әлназарованың сөзінше, алдағы уақытта елде жедел медициналық көмек қызметкерлерінің қауіпсіздігі күшейтіледі.
«Тағы бір мәселе – қызметкерлерді құқық қорғау органдарының үлгісі бойынша видеожетонмен қамту. Бұл сұрақ та құқықтық тұрғыдан реттеледі. Меніңше, мұны шешу қиын емес», – деді ол мәжіліс кулуарында.
Stan.kz жазғандай, министр фельдшерлерді сақтандыру мүмкіндігі де қаралып жатқанын мәлімдеді.
«Күн тәртібінде қызметін атқару кезінде шабуыл жасалып, денсаулығына зиян келуі ықтимал қызметкерлерді сақтандыру мәселесі де тұр. Бұл сауалды біз жедел медициналық қызмет ұйымдарының басшыларымен талқыладық, сондықтан қазір күн тәртібінде тұр», – деді Әлназарова.